Буллинг, алдын алу жолдары
Елестетіп көріңізші: сіз сабаққа барасыз
және күн сайын біреу сізді мазақ етеді немесе сіз
туралы өсек таратады. Сіз өзіңізді жалғыз
сезінесіз және уайымға салынасыз. Бұл буллинг
(/жәбірлеу) деп аталады .
Буллинг – бұл жай ғана қорлайтын сөздер
немесе әзілдер емес. Бұл барлық қатысы бар
адамдар – қорқытылған адам үшін де, оны
жасаған адам үшін де ауыр зардаптарға әкелуі
мүмкін күрделі мәселе.
Бұл жадынамада маңызды сұрақтарға
жауап таба аласыз:
Буллинг және оның түрлері
Буллингтің белгілері
Буллингке қатысушылардың ерекшеліктері
Неліктен ол қауіпті?
Буллинг құрбанына қалай көмектесуге болады?
Білім алушылар буллингпен күресу үшін не
істей алады?
Буллинг дегеніміз не ?
Буллинг – бір адамды қайта-қайта ренжіту.
Бұл физикалық әрекеттерді (итеру, ұру), сөзбен
қорлау, жәбірлеу,
қорқыту немесе
жалған ақпарат
таратуды қамтуы
мүмкін. Буллинг
құрбаны өзін жиі
жалғыз, қорғансыз сезінеді.
Буллинг түрлері:
Физикалық: ұру, итеру, заттарды тартып алу,
т.с.с.
Ауызша: қорлау, қорқыту, келемеждеу,
мазақтау, т.с.с.
Интернет немесе әлеуметтік желідегі
(кибербуллинг): әлеуметтік желілерде қорлау,
желіде қауесет тарату, т.с.с.
Психологиялық: оқшаулау, жалған ақпарат
тарату, елемеу, кемсіту, т.с.с.
Буллинг белгілері:
Физикалық белгілер: денедегі көгеру, жарақат, жеке заттардың жоғалуы.
Эмоционалды белгілер: қайғы, мазасыздық,
қорқыныш, өзін-өзі бағалаудың төмендеуі, жалғыздық сезімі, үмітсіздік, ұялу, ашуланшақтық,
мұңаю.
Мінез-құлық белгілері: сабаққа барудан бас
тарту, ұйқы бұзылысы,зейіннің нашарлауы, оқу
үлгерімінің төмендеуі, ортадан аулақ болу,
тәбеттің өзгеруі.
Буллингке қатысушылардың ерекшеліктері:
Жәбірленуші: көбінесе тұйық, өзін-өзі қорғауды білмейтін өзіне сенімсіз адам. Бойындағы
қасиеттеріне қарамастан кез келген адам буллинг құрбаны болуы мүмкін. Буллинг жәбірленушінің кінәсі емес екенін түсіну маңызды.
Агрессор: көбінесе өзін-өзі бағалауы төмен,
өзінің комплекстерін басқалар есебінен өтеуге
тырысады, жиі психологиялық проблемалардан
зардап шегеді және көмекке мұқтаж.
Куәгер: бойында қорқыныш, кінә немесе немқұрайлылық сезімі басым, келесі құрбан болудан немесе агрессордың мазақ етуінен қорқуы
мүмкін.
Неліктен буллинг қауіпті?
Жәбірленуші үшін: депрессияның даму
қаупінің артуы, мазасыздық, суицидтік ойлар,
буллингтің ұзақ мерзімді салдары, мысалы,
қарым-қатынас орнатудағы қиындықтар, ересек
жаста өзін-өзі бағалаудың төмендігі.
Агрессор үшін: қоғамға жат мінез-құлықтың
дамуы, заңмен байланысты мәселелер, жеке
өмірде, мансапта және басқалармен қарымқатынаста қиындықтарға тап болуы мүмкін.
Куәгерлер үшін: өзін кінәлі сезіну, қорқыныш,
басқалардың қайғысына немқұрайлы қараудың
қалыпты жағдайға айналуы. Әрекетсіздік буллингтің жалғасуына ықпал етеді және жәбірленушіге де, куәгерге де зиян келтіруі мүмкін.
Буллинг құрбанына қалай көмектесуге
болады?
Егер досыңыз, танысыңыз немесе жақын
адамыңыз буллинг құрбаны болғанын байқасаңыз, бей-жай қалмаңыз. Сіздің қолдауыңыз ол
үшін нағыз құтқару болуы мүмкін. Төменде көмектесетін бірнеше кеңестер берілген:
Онымен сөйлесіңіз: досыңыз сізге ашылып,
оның сезімін айта алатын қауіпсіз орта жасаңыз.
Оны мұқият тыңдаңыз: сөзін бөлмеңіз және
үкім шығармаңыз. Қасында болыңыз және оны
түсінетініңізді көрсетіңіз.
Кінәсі жоқ екеніне оның көзін жеткізіңіз: буллинг жәбірленушінің кінәсі емес. Досыңыздың
мұны түсінуі маңызды.
Көмек ұсыныңыз: оған буллингке қарсы тұру
жолдарын табуға көмектесіңіз. Мысалы, сіз бірлесіп әрекет жоспарын жасай аласыз немесе
ересектерден көмек сұрай аласыз.
Үлкендерге айтудан қорықпаңыз: егер жағдай күрделі болса, ұстазыңызбен, педагог-психологпен немесе ата-анаңызбен сөйлесіңіз.
Есіңізде болсын: сіздің қолдауыңыз
буллинг құрбаны үшін нағыз өмірлік арқау
болуы мүмкін.