АЛҒЫ СӨЗ

Қымбатты Ата-Ана!

Жоспарланған немесе жоспарланбаған, екі немесе тек бір ата-ананың қатысуымен, сырттан қолдау
көріп немесе қолдау көрмей, биологиялық немесе бала асырап алу арқылы ата-ана атануға болады,
бірақ ол жағдайларға қарамастан, ата-ана тәрбиесі ұдайы балаға бағытталуы керек, балаға қамқор

лық көрсету ересек адам үшін басты дүние.
Көптеген адамдар үшін отбасы – ең қымбат дүниесі. Кішкентай адам үшін отбасы бүкіл ғалам іспет

ті. Бала дүние есігін аша сала, анасымен кездескен сәттен бастап қоршаған әлеммен танысады.
Дәл сол минуттарда бала «Мені сағына күткен және жақсы көреді!» – деп бірден түсінеді. Осылайша
эмоциялар әлемімен танысып, баланың өмірге деген оң көзқарасы қалыптасады.
Бала әлеммен эмоциялар арқылы таныса бастайды, бірақ ол эмоция ұдайы жағымды болмауы да
мүмкін. Жылдамдық пен созылмалы стресс дәуірінде адамдар эмоционалды ортада көптеген мәсе

леге кезігеді. Өмірдің жылдам қарқыны, тәрбиенің ерекшеліктері қалай болғанда да эмоцияларымызға ықпал етеді. Кейде бізге сезімдер туралы және оларды басқаруға болатыны туралы бастапқы
білім көзі жетпей жатады. Бұл кітапшада эмоционалды сауаттылыққа негізделген позитивті тәрбие
жүйесімен қазіргі және болашақ ата-ананы таныстырғымыз келеді.
Кітапшаны оқығаннан кейін Сіз мына ақпаратты білесіз:
позитивті ата-ана болу ерекшеліктері және тәрбиенің негізгі стильдері туралы;
эмоционалды интеллект деген не және балаңызбен жақсы эмоционалды байланыста болу
деген не;
жасөспірім кезеңінің ерекшеліктері туралы;
сенімді қарым-қатынастың маңыздылығы туралы;
өзіңіздің және баланың сезімдерін түсіну туралы;
қиын жағдайлардан шығу жолын қалай табуға болатыны туралы.
Ұсынылған ақпарат тәрбие берудің маңызды мәселелерінде сауатты болуға көмектеседі деп үміт

тенеміз. Тәрбие берудің біз ұсынған қағидаттарын қолданып, позитивті ата-ана болу әлеуетіне бой

лай бересіз, ал балаңыз өмірдегі кез келген өзгерістерге бейімделе түседі деп сенеміз.

Позитивті тәрбие және эмоционалды интеллект туралы

Сонымен, позитивті тәрбие деген не? Бірге анықтайық!
Позитивті тәрбие ересектер мен балалардың өзара сыйластығына негізделеді, бұл
тәрбие негізінде ата-ана беделді болып
есептеледі. Позитивті тәрбие беруде жеке
даму жолын өз бетінше таңдайтын тұлға
қалыптасады. Ең алдымен сезімдері мен
эмоцияларын жақсы түсінетін; балалары
мен отбасының барлық мүшелеріне эмоционалды қолдау көрсете алатын ата-ананың эмоционалды интеллектісінің деңгейі
жоғары болғаны маңызды.
Ата-ананың эмоционалды интеллектісі жақсы
дамыса, балаларымен ұдайы дұрыс эмоционалды байланыс орнатады. Олар балаларды мимикасы, ым-ишарасы, жүріс-тұрысы, мінез-құлқы,
дауысы арқылы түсінеді. Мұндай ата-ана баласының қажеттіліктерін, қызығушылығы мен тілегін тез ұғады. Позитивті тәрбиесі бар отбасылар
өте креативті және алға қойған мақсатқа жету
үшін эмоцияларды мотивация есебінде пайдаланады. Мұндай отбасының, тіпті пәтерді бірге
тазалауы шығармашылыққа айналуы мүмкін.
Эмоционалды интеллектісі дамыған атаананың ой мен эмоция арасындағы себептік
байланысты жақсы түсінетінін, балаларындағы белгілі бір эмоциялардың дамуын
болжай алатынын атап өту қажет. Олар бірбірінің және балаларының ең күрделі сезімдерін де түсінеді. Позитивті тәрбиесі бар
отбасыларда бала ата-анасына және ата-анасы баласына мүлтіксіз сенеді, бала дербестігін қолдайды. Қарым-қатынас өзара
сыйластыққа негізделеді және шешімдерді
бірлесіп қабылдайды.
Позитивті тәрбиесі бар отбасылардағы балаға
қойылатын талаптар жүйесі ұдайы баланың
жасына және оның ерекшеліктеріне негізделеді. Ата-ана жүйелі сипатта ғана баланы
бақылайды, отбасының кішкентай мүшесі
біртіндеп өзін-өзі бақылауға үйренеді. Марапаттау мен жазалау іс-әрекетке лайық және
ақылға қонымды. Ата-ана тәрбие мәселесінде
тұрақтылықты ұстанады және қайшылықтар
болмайды.

Позитивті тәрбиенің негізгі қағидаттары:
баламен дұрыс эмоционалды байланыс;
өзара сыйластық;
іс-әрекетіне жауап бере алатын тәуелсіз
тұлға тәрбиелеу;
өмірде қауіпсіз және қызғылықты ортаны
қамтамасыз ету;
оқуда позитивті орта құру;
өмірлік дағдыларды игеру;
тәртіптік ықпалдың достық әдістерін қолдану;
шынайы үміт қалыптастыру;
ата-ананың өзіне деген қамқорлығы.
Ұрпағын тәрбиелеудің позитивті әдістерін қолданған ата-ана баланың ең жақсы мүдделерінің сақталуын зорлық-зомбылықсыз қолдайды. Ата-ана бала құқықтарын мойындайды
және құрметтейді, баласына жылу сыйлайды,
қамқорлық көрсетеді, сонымен бірге баланың
толыққанды дамуына көмектесе отырып, рұқсат етілген шекарларды белгілейді.
Позитивті тәрбиесі бар отбасыларда бірлескен мерекелер өтеді, кино мен театрға бірге барады, табиғатқа аясында серуендейді.
Ата-ана мен бала бір-біріне қаншалықты қымбат екенін сезінеді. Ондай отбасында ерлі-зайыптылар, ата-ана мен бала, ағалы-інілер мен
апалы-сіңлілер, отбасының барлық мүшелері
арасында жақсы қарым-қатынас орнайды.

Баланы тәрбиелеудің 4 стилі туралы

Баланы тәрбиелеу – маңызды міндет.
Баланың әлеммен және адамдармен қауіпсіз әрі дұрыс қарым-қатынас орнатуы
жолында ата-ана алғашқы және өте маңызды оқытушысы. Отбасылық тәрбиенің төрт
негізгі стилін ұсынамыз: беделді (құрметпен), авторитарлық, бетімен жіберу, кіріспеу.
Олардың әрқайсысының артықшылықтары
мен кемшіліктері қандай?
Беделді (құрметпен) тәрбиелеу кезінде атаана балаға жасы мен дамуына сәйкес келетін
деңгейде үміт артады, эмоционалды қолдау
көрсетеді. Ата-ана бала тәуелсіздігін мойындайды және барынша қолдайды. Бала дамыған сайын оған артқан үміті өзгереді. Яғни
бала өскен кезде талаптар өзгеруі мүмкін
және баланың таңдау еркіндігі пайда болады.
Тәрбиелеудің осы стилінде ата-ана мен бала
арасында өзара құрмет пен жауапкершілікті
бөлуге негізделген тұрақты байланыс қалыптасады. Әдетте ата-ана – балалары еліктейтін ең маңызды адамдар. Ата-ана мақсатын,
өмірден не қалайтынын және балаларына
нені үйреткісі, қандай құндылықтар бергісі
келетінін түсінеді. Тәрбиелеудің осы стилі орныққан отбасылар бір-біріне қамқорлық көрсетуге тырысады. Мұнда адам құқығы мен
міндеті сақталады. Ата-ана балаларына үйреткісі келетін мінез-құлық пен қарым-қатынас үлгілерін өз мысалында көрсетуге тырысады. Отбасында жанашырлық, өзара құрмет,
адалдық, жақындарына қамқорлық әдеті бойға сіңіріледі. Ата-ана мен бала өздерінің қызығушылығымен өзара бөліседі, мысалы, жұмыс пен спортқа деген сүйіспеншілігі баланың
өз қызығушылығын дамытуға тырысады.

Авторитарлық стиль баланың эмоционалды
қабылдауының төмен деңгейінен, ал бақылаудың жоғары деңгейінен байқалады. Мұндай
ата-ананың баламен қарым-қатынасы диктатқа көбірек ұқсайды. Ережелер абсолютті
және өзгермейді. Өтініштер бұйрық түрінде
айтылуы мүмкін, ал талаптар, тыйымдар мен
ережелер қатаң болады. Тәрбиелеудің бұл
стилінде бала ата-ананың айтқанын сұрақ
қоймай және түсіндіруін күтпей, мүлтіксіз
орындайды. Кез келген шешімді тек ата-ана
қабылдайды, ал баланың таңдау құқығы жоқ.
Мұндай отбасыларда балалар созылмалы
стресске ұшырауы мүмкін. Тәрбиелеудің бұл
стилі жаттықтыруға ұқсайды. Авторитарлық
тәрбиелеу стилін қолданатын ата-ананың өзі
қатал отбасыда тәрбиеленген. Мұндай отбасы балаға әрдайым ыңғайлы бола бермейді.

Себебі мұнда эмоционалдық сала мүлдем
дамымаған және рухани жылу жоқ, тек бұйрықтар мен өкімдер айтылады. Мұндай отбасыдан шыққан бала өскен кезде өзіне сенімсіз тұлғаға, не агрессорға айналады.
Баланы эмоционалды түрде жылы қабылдайтын және оны бақылау төмен деңгейде (бәрін
кешіру мен бассыздыққа дейін) болатын отбасында тәрбиелеудің бетімен жіберу стилі
басым. Бұл стильде ешқандай қағидалар мен
ережелер жоқ, керісінше талаптардың сәйкессіздігі байқалады: бүгін ата-ана бәріне рұқсат
берсе, келесі күні рұқсат берген дүниеге тыйым салуы мүмкін. Тәрбиелеудің бұл стилінде
балаларға ненің дұрыс екенін түсіну қиын.
Қолданылған ережелер мен шектеулер кездейсоқ және қисынсыз болып көрінеді, сол себепті бала өз іс-әрекеттерінің салдарын түсіну
және мәселені шешу дағдыларын дамытуда
қиналады. Ережелер мен талаптар болмаса, шекаралары мен рұқсат етілген шектерін
түсінуде бала тығырыққа тап болады. Мұндай балалар бүкіл әлем өзіне ғана арналған
деген сезім жетегінде өседі. Болашақта қиындықтарға тап болса, ол өте ауыр тиюі мүмкін. Кейде мұндай бала бетімен жіберілген
жағдайын теріс пайдаланып, ата-аналарын
манипуляциялаушыға айналуы мүмкін.
Кіріспеу стильде ата-ана баланы тәрбиелеуге сирек қатысады. Мұндай ата-ана балаға
эмоционалды тұрғыда түсініксіз, ал ата-ана
мен бала арасындағы қарым-қатынас шектеулі. Баланың қажеттіліктері мен мүдделері ескерілмейді. Ата-ана баланы қалай тәрбиелеу
керегін түсінбегендіктен немесе осы тәрбие
дұрыс деп санайтындықтан мұндай тәрбиелеу стилін қолдануы мүмкін. Әкесі мен анасытарапынан бақылау болмағандықтан, бала
өзімен-өзі өседі. Үйге келгісі келгенде келеді,
кеткісі келгенде кетеді. Ата-ана баланың эмоционалды саулығы ғана емес, сонымен қатар
оның негізгі қажеттіліктерін (ыстық түскі ас,
түнгі ұйқы) қанағаттандыру мәселесіне көп
алаңдамайды. Тәрбиенің осы стилінде бала
ерте есейеді және тәуелсіз өмір сүре бастайды.
Үйде қажетті қамқорлық көрмеген жасөспірім
көп жағдайда «көшеге», «жатақханаға», «басқа
отбасына» қашып кетеді.
Сипатталған тәрбелеу стильдерінің әрқайсысы балаға белгілі бір жолмен ықпал етеді. Позиитивті ата-ана тәрбиесінің ең қалаулы стилі
— бұл ата-ананың құрметпен тәрбиелеу стилі,
сіз әрқашан балаңыз үшін беделді боласыз.
Ата-ана тәрбиесінің бұл стилі берік эмоционалды байланыс және сенім орнатады. Мұндай ата-ананың баласы дамыған әлеуметтік
дағдысы бар, өз мінез-құлқына жауапты, жақсы бейімделген, өзіне сенімді болып өседі. 

ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚҚА ТАП БОЛСА НЕ ІСТЕУ КЕРЕК?

Барлық ата-ана баласы ешқашан күтпеген,
жаман нәрсе тап болмайды деп үміттенеді.
Өкінішке қарай, балалар мен жасөспірімдер
өмірде әртүрлі қауіптерге тап болуы мүмкін:
зорлық-зомбылық, жасөспірім кезеңіндегі жүктілік, депрессия және басқа да қиын
жағдайлар. Қиындықтардан аулақ болу үшін
балаларға өмірде кездесетін барлық жағдайлар туралы түсінікті тілде әңгімелеп беруге
кеңес береміз.
Бала үшін жыныстық зорлық-зомбылыққа
ұшырау өте ауыр жағдай (жыныстық зорлық-зомбылыққа келісімсіз жыныстық қатынас қана емес, порнография көруге мәжбүрлеу, қол жүгірту, жынысытық қудалау да
жатады). Бала ата-анасына болған жағдай туралы әрдайым тікелей айта алмайды, ол қандай жағдайға тап болғанын көрсетуге тырысады, бірақ ұят, жаза немесе түсінбеуден қорқу
салдарынан ол ештеңе айтпайды. Балаға қатысты зорлық-зомбылық немесе азғындық
туралы оның сыртқы түрі, мінез-құлқы, әңгімелері арқылы білуге болады. Төбелеске бейім емес жасөспірімнің денесіндегі жаралар
мен көгеру – қауіпті дабыл. Басынан өткен
зорлық-зомбылық баланың оқшаулануына,
депрессиясына және мазасыздануына алып
келуі мүмкін. Егер бала зорлық-зомбылыққа
ұшырады деп күдіктенуге негіз болса, бұл туралы онымен жайлап сөйлесе аласыз немесе
психологпен байланысуға болады. Ең дұрысы, осындай жағдайда жұмыс тәжірибесі бар
мамандарға жүгінген жөн.

Мекеме жайлы

БИН
РНН
ОКПО

 

Техникалық және кәсіптік білім беру

ТҮРКІСТАН  ОБЛЫСЫНЫҢ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ «МАҚТААРАЛ АГРАРЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ» МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ

Байланыс